20 желтоқсан күні «Қазақстан» орталық алаңында бас шыршаның шамын жағу салтанаты өтті. Дәстүрлі мерекелік шарада қала тұрғындары бір алаңға жиналды. Салтанатты кеш Аяз аталар шеруімен басталды. Аяз ата екібастұздықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Ақшақар жиналғандарды көңілді әуенге билеуге шақырды.
Мереке алаңы ертегі кейіпкерлері, бойшаң қуыршақтар, вокалдық және би ансамбльдерінің өнерімен әрленді. Қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары мен өнерлі жастар көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Алаң аумағы жарқын канделябрлармен, әсем иллюминациялармен және «Щелкунчик» мүсіндерімен безендірілді. Шара аясында инте-
рактивтік ойындар мен конкурстар ұйымдастырылды. Қатысушылар отбасымен бірге өнер көрсетіп, жаңажылдық костюмдерін таныстырды. байқау жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланған «Ақшақар – 2026» байқауы қорытындыланды. Нәтижесінде І орынды Айым Ербо-
лат, ІІ орынды Анжелика Бардецкая, ІІІ орынды Айман Амангелді иеленді. Байқауға қатысқан өзге үміткерлер түрлі номинациялармен марапатталды.
Мерекелік бағдарлама «Нәзік» үлгілі хореографиялық ансамблінің, Ертіс-Баян театрының «Жаңажылдық отбасы ошағы» пантомималық қойылымының, сондай-ақ, би топтарының музыкалық және хореографиялық нөмірлерімен жал-
ғасты. Кеш қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй, бірлік сезімі мен келе жатқан 2026 жылға деген жағымды үміт сыйлады.
Ділназ Серікбай







