Қала әкімінің есептік кездесуі Екібастұз ауылдық округіне қарасты Төртүй ауылында жалғасты. Бұл елді мекенде де ең өзекті мәселе жол сапасы екені айтылды.
Қала әкімінің сөзінше, соңғы жылдары көптеген ауылдық бағыттарда жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда ауылдық округтердегі жолдарды қалпына келтіруге қала және облыстық бюджеттен бөлінген қаржы жеткіліксіз.
– Бұл бағыттағы жұмыстарды толық жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастыру қажет. Қазір тиісті өтінімдер берілген, – деді қала әкімі. Ал Төртүй ауылы тұрғындарының ең болмаса ауыл ішіндегі жолдар ретке келтірілсе екен деген өтініші оң шешімін тапты. Көтерілген мәселелердің бір бөлігі кезең-кезеңімен шешімін табады деп күтілуде, ал кейбірі уақыт пен қосымша қаржыландыруды талап етеді.
Ділназ Серікбай







