2025 жылғы 5 желтоқсаннан 2026 жылғы 3 қаңтарға дейін Павлодар облысы аумағында сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасын анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Петардалар, фейерверктер, бенгал шамдары, хлопушкалар – мереке атмосферасымен қатар, өрттің шығуына, сондай-ақ, жарақат алу немесе күйік бөлімшесіне түсу қаупіне алып келетін қауіпті құралдар.
Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды тек лицензиясы бар мамандандырылған дүкендер мен стационарлық сауда павильондарынан сатып алу қажеттігін ескертеді.
– Сатып алу кезінде бұйымдардың жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Мерзімі өткен пиротехника ауыр жарақаттарға әкелуі немесе мүлде іске қосылмауы мүмкін. Пиротехникалық бұйымдарды ағаштардың астында, электр желілерінің жанында және тез тұтанатын заттардың қасында іске қосуға болмайды. Пиротехниканы 14 жастан асқан жасөспірімдер үлкендердің бақылауымен ғана қолдануына болады, – дейді құқық қорғаушылар.
Ж.ЖАНДОС






