Соңғы 3 жылда аулаларды абаттандыруға, жарықтандыруға және әлеуметтік инфрақұрылымға 15 миллиард теңгеден аса қаржы бағытталды.
Ағымдағы жылы 50 балалар ойын алаңшасы, 9 воркаут және 2 стритбол алаңшасы салынды.
Жол-жөндеу жұмыстары маусымының басынан бастап ауданы 230 мың шаршы метр қала жолдары жөнделді. 30-дан аса көше (25 шақырым) жөндеуден өтті. Былтырғы жылмен салыстырғанда жол жөндеу көлемі 70 пайызға артық.
Соңғы үш жылда 70 аула асфальтталса, соның 15-і биылғы жылға тиесілі. 20 әлеуметтік нысанға кіреберіс жолдарды асфальттау жұмыстары жүргізілді.
Соңғы 3 жылда 130 шақырым ауыл жолдары мен ауылға кіреберіс жолдар жөндеуден өтті. Сондай-ақ, қала аулаларын жарықтандыру жұмыстары толығымен тәмамдалды.
Жанаргүл Қадырова






