Үкіметтің және облыс басшылығының қолдауы арқасында соңғы 3 жылда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту саласында ауқымды жұмыс атқарылды. Бюджеттік және жеке қаржы есебінен бұл бағытқа 100 млрд теңге бағытталды.
Биылғы жылы жылыту маусымына дайындық шеңберінде төмендегі жұмыстар орындалды.
Екібастұз ЖЭО-да эксплуатациялаушы ұйым есебінен 7 қазандық агрегаты жөндеуден өтті: 1 қазандықта – күрделі жөндеу, 2 қазандықта – кеңейтілген ағымдағы жөндеу, 4 қазандықта – ағымдағы жөндеу.
Бюджеттік қаржы есебінен жалпы қашықтығы 5 шақырымнан асатын 2 жылу магистраліне реконструкция жүргізілді (ТМ-2, ТМ-7).
Жыл басынан бері кварталішілік ағымдағы жөндеу жұмыстары шеңберінде 345 учаскеде жұмыс жүргізіліп, бюджет қаржысына 12 шақырымнан аса желі ауыстырылды.
«Екібастұз жылу желілері» ЖШС-нің күшімен 7 учаскеде жалпы қашықтығы 5,5 шақырымды құрайтын желі күрделі жөндеуден өтті.
Барлық жұмыстарды есепке алғанда, биыл жылумен қамту желілерінің 20 шақырымы жаңғыртылды.
«Горводоканал» кәсіпорны 13,4 шақырым сумен қамту және су ағызу желісін жөндеді.
«Горэлекросеть» ЖШС 268,6 шақырым әуе және кабель желісін, 130 подстанцияны жөндеп, инвестициялық бағдарлама аясында 13 шақырым желіні реконструкциялады.






