«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның 2023-2029 жылдардағы даму тұжырымдамасы» аясында биыл қаланың 2-шағынауданында жалпы 180 пәтері бар бес қабатты 3 үйдің құрылысы аяқталды.
4-шағынауданда жеке инвестиция есебінен бес қабатты 4 үйдің (160 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта екеуінің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, Энергетиктер көшесіндегі 36 пәтерлі екі үйді реконструкциялау аяқталуға жақын.
9-шағынауданда бес қабатты 2 үйдің (120 пәтер) құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.






