10 айдың ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 28,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,2%-ға жетті. Өсімдік шаруашылығында көрсеткіш 20,2 млрд. теңгені құрап, елеулі өсім байқалды.
2025 жылы ауылшаруашылық дақылдар алаңы 25,2 мың гектарды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 3,8 мың гектарға артық (2024 жылы – 21,4 мың гектар). Дәнді дақылдар – 8,4 мың гектар немесе 115,1 % (2024 жылы – 7,3 мың гектар); майлы дақылдар – 1,6 мың гектар, 100 % (екпе жүргізілген жоқ); жем-шөп дақылдары – 10,9 мың гектар, 108 % (10,1 мың гектар); картоп – 3,7 мың гектар, 137 % (2,7 мың гектар); көкөніс пен бау-бақша дақылдары – 0,6 мың гектар немесе 200 % (0,3 мың гектар).
Шаруалардың тынымсыз еңбегінің арқасында картоп өнімі 25%-ға артып, 85 мың тоннаға жетті, көкөніс өнімдері 28%-ға өсіп, 25,5 мың тоннаны құрап отыр. Жылыжай кешенінде де өсім байқалады: қияр – 5,5 мың тонна, қызанақ жыл соңына қарай 4,8 мың тоннаға жетеді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары.
Мал шаруашылығы саласында да ілгерілеу байқалады. Өңірде 55 мың бас ірі қара мал, 44 мың бас жылқы, 55 мыңнан астам ұсақ мал бар.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 4 млрд. теңгені құрады. Теміржол ауылдық округінде суармалы егін шаруашылығын дамыту және көкөніс қоймаларын салу бойынша 2 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды.






