Биылғы жылдың 10 айы ішінде 365,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда Екібастұз өңірінде жалпы сомасы 6,2 трлн. теңгені құрайтын 25 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жо-
балар аясында 9 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа инвестициялық циклді іске қосу, экономиканы әртараптандыру және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.
Биыл күзде Екібастұз өңірінде екі ірі металлургиялық жоба іске қосылды. «EkibastuzFerroAlloys» жобасының инвестиция көлемі 92,0 млрд. теңгені құрап, 800 тұрақты жұмыс орны ашылды. «Kazferro Limited» жобасына 30 млрд. теңгеден астам инвестиция құйылып, 340 адам жаңа тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.
Осы жобалардың іске қосылуы арқасында Қазақстан Республикасы ферросилиций өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығып, еліміздің металлургия саласындағы жетекші позициясын нығайтады.






