Павлодар қаласындағы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров университетімен бірлесе отырып 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Екібастұз жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Алуа Жанказина марапатталды.
Жәния Науанова (№18 ЖОББМ) мен Меруерт Инербаева (№25 ҚҚГ) құрмет грамотасына ие болды.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 25-29 қараша күндері аралығында ауыл мектептерінің оқушылары арасында республикалық олимпиада өтіп, онда еліміздің түкпір-түкпірінен 475 оқушы қатысты.
Бұл білім додасында Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Ақыш Есен физика пәнінен (жетекшісі – Е.Қайролла), Аружан Жексенова химия пәнінен (жетекшісі – Г.Исеева) мақтау қағазымен марапатталды.
Ж.ӘБДІКӘРІМ








