28 қараша күні Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті ХХХҮІІ сессиясы болып, депутаттар бірқатар мәселелерді қарады.
Қала әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Медет Шоқан «Екібастұз қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» хабарлама жасады. Нақтырақ айтқанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендету ұсынылып, депутаттар қолдап дауыс берді. Сонымен бірге, Екібастұз қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан нөл пайыз мөлшерінде бекітілді.
Сессияда қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Меруерт Қалиева «Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы», «Автотұрақтар санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған базалық салық ставкаларын арттыру туралы» хабарламалар жасап, тиісті шешімдер қабылданды.
Ж.СӘДУАҚАС






