15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні. Бұл күні қаржыгерлер мерекесі де аталып өтеді. Атаулы күнге орай қалалық әкімдікте салтанатты шара болды.
Құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Аян Бейсекин сала мамандарының еңбегін ерекше атап өтті.
– Еліміздің экономикасының өркендеуі жолында қаржы саласы мамандарының еңбегі зор. Олар мемлекеттік және жеке сектордағы қаржылық процестердің дұрыс жүруін қамтамасыз етіп, экономикалық тепе-теңдікті сақтауға үлес қосуда. Қаржы саласы аса күрделі, ол асқан жауапкершілікті талап етеді. Мамандар күн сайын мыңдаған есептерді саралап, тәуекелдерді бағалап, тиімді шешімдер қабылдайды, – деді өз сөзінде қала басшысы.
Бұдан соң өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін бірқатар азамат марапатталды. «Отбасы банкі» АҚ Екібастұз қаласы филиалының №1 қызмет көрсету орталығының басшысы Әмір Жақсылықовқа, Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Жұмабаевқа, «Mineral Product International» ЖШС бас бухгалтері Ирина Дедешинаға, «Горэлектросеть» ЖШС басқарма төрайымының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Биғайша Оспановаға, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жобаларды басқару жөніндегі басқармасының бастығы Руслан Сейтахметовке, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Екібастұз филиалы кепілмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ермек Смаиловқа қала әкімінің құрмет грамотасы табысталды.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің статисі Диана Акимова, білім бөлімінің бас экономисі Әсем Жантемірова, «Өнер» мәдениет сарайының бас бухгалтері Анар Исаева, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жоспарлау және қаржы секторының меңгерушісі Әсемгүл Құсайынова, қалалық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Нәзира Орумбаева, Шідерті поселкесі әкімі аппаратының статисі Жазира Сейтенова, № 3 емхананың бас бухгалтері Әйгерім Таңжарықова, экономика және қаржы бөлімі иесіз қалған мүлікпен жұмыс және тұрғын үйді бөлу секторының бас маманы Динара Уалиханова, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі бөлімінің бастығы Евгения Цой, «Forte Bank» АҚ Екібастұз филиалы кепілдікті қамтамасыз ету тобының жетекші сарапшысы Фариза Шамсудинова қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Кеш қонақтарына арнап республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Алмас Мұқатай «Синяя вечность», «Атамекен» әндерін орындады.
Гүлсана МЕДЕУБАЙТЕГІ







