Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мәслихат депутаттарын, мемлекеттік органдарды, БАҚ және мүдделі тұтынушыларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Жария тыңдау «Экибастузские тепловые сети» ЖШС-нің жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу қызметіне белгілеген тарифіне қатысты болмақ.
Жария тыңдау 18 қараша күні сағат 12.00-де Қонаев көшесі, 105 мекенжайында өтеді. Сонымен қатар, конференцияға Zoom сілтеме арқылы қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кету керек, Үкіметтің тарифтердің өсуін тежеу жөніндегі жұмысы аясында 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін табиғи монополия субъектілерінің қызметтері бойынша тарифтердің көтерілуі жоспарланбайды.
Қосымша сұрақтармен 8 (7182) 615955 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Ж.ЖАПАРОВА






