Біз, №28 сәбилер бақшасының ұжымы, «Отарқа» газетімен үш жылдан астам уақыттан бері шығармашылық байланыстамыз. Биыл да баспасөз науқанына белсенді қатысып, педагогикалық құрам бір жылға 20 дана газет ресімдеді.
«Отарқа» – біз үшін тек ақпарат көзі емес, ұстаздардың еңбегін дәріптейтін, балалармен, ата-аналармен және мектеппен бірлесе атқарған жұмыстарымызды көпшілікке паш ететін сенімді серіктес.
Педагогтар қауымына қолдау білдіріп келе жатқан «Отарқа» газетінің ұжымына алғысымыз шексіз!
№28 сәбилер бақшасының ұжымы







