«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Дені сау әйел – салауатты кәсіпорын» пилоттық жобасы аясында партияның екібастұздық филиалы «Болат Нұржанов атындағы
МАЭС-1» және «Богатырь Көмір» ЖШС-тері алаңдарында еңбек ұжымдарыныдағы әйелдермен кездесулер өткізді.
Жобаның мақсаты – түрлі сырқаттардың алдын алу, әйелдердің денсаулығын нығайту және жұмыс орындарында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне назар аударту.
Партияның Әйелдер қанатының бастамасы кәсіпорын басшылары тарапынан кең қолдау тапты. «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак ұжымның әйел мүшелерімен кездесуде кәсіпорында профилактикалық бағдарламаларды енгізуге дайын екенін жеткізді.
Өз қолдауын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС бас директоры Асан Наурызғалиев те білдіріп, қызметкерлердің денсаулығы кез келген өндірістік ұжымның тұрақтылығы мен тиімділігінің негізі екенін атап өтті.
Іс-шараларға «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко да қатысып, әйелдердің денсаулығына қамқорлық жасау әрбір кәсіпорынның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болуы қажет екенін айтты.
Жобаның спикерлері – медицина ғылымдарының кандидаты, облыстық кардиоорталықтың басшысы Гүлжанат Жақова, онкологиялық диспансердің диспансерлік бөлімінің меңгерушісі Сергей Борисенко және Екібастұз қаласындағы №3 емхананың басшысы Тоғжан Қабылтаева жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардың алдын алудың заманауи тәсілдері, тұрақты медициналық тексерулер мен ерте диагностиканың маңыздылығы туралы әңгімеледі.
Ж.ӘБДІКӘРІМ








