Бидайдан жасалған тағамдар – адам өмірінің арқауы. Бұл күнде бәрімізде таңдау бар: қай ұннан жасалған өнімді алсақ та, өз еркіміз.
Бұл тұрғыда таңдауымыз Павлодар қаласынан әкелінетін, қара бидай ұнынан пісірілген, салмағы 0,35 кг. (өнді-
рілген және оралған жері – «Группа интер» ЖШС, Нұркин көшесі, 102) шағын бөлкеге түскен. Нан сапасы да, дәмі де көңілімізден шығады. Таңғаларлығы: осы дайын өнімнің бағасы бір шаршы (километр) шақырым кеңістікке еніп тұрған Энергетиктер көшесіндегі үш дүкенде үш түрлі екен. Мысалы: «У Федора» дүкенінде – 250 теңге, «Сәуле» сауда үйінде – 270 теңге, «Мир-Аль» дүкенінде – 260 теңгеден. Бір сатушыға: «Бұл қалай?» – деп ем, ол: «Бастықтар солай бекітіпті», – деді. Сонда сауда орындарына бақылау жоқ па?
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: мәселе арзан-қымбатында емес, сатылымға түсу бағасының әр түрлі болып, түсініксіз өзгеруінде. «Аппетитный» деген атаумен қаламыздағы сауда орындарына түсетін құнарлы бөлкенің мән-жайы ойланарлық…
Қайролла Дүйсенбайұлы,
қаламгер ұстаз






