24 қазан күні «Өнер» мәдениет сарайында ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара Мемлекеттік Туды сахнаға шығарып, Әнұран орындаумен басталды. Жиналған қауым мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, тік тұрып тағзым етті.
Мінберге көтерілген Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин екібастұздықтарды төл мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихи маңыздылығын атап өтті.
– 1990 жылдың 25 қазанында мемлекеттік егемендік жарияланған сәттен бастап еліміз іргесін бекітіп, бүгінгі таңда Жаңа Қазақстанды құру жолында ауқымды реформалар іске асырылуда. Бұл ілгерілеу мен дамуға Екібастұз өңірі де өз үлесін қосып келеді. Ауыл шаруашылығы дамып, өндіріске жаңа технологиялар енгізілуде, – деді қала басшысы. Аян Уахитұлы ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығының маңызын атап өтіп, өңір тұрғындарына амандық, береке-бірлік тіледі.
Мерекелік жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі «AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалы партиялық бақылау комитетінің төрағасы Эльдар Абдиновқа табыс етілді.
Облыс әкімінің құрмет грамотасымен Екібастұз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Әсем Әбілдина және «Шығыс» кеніші жылумен жабдықтау және желілер учаскесінің машинисі Сәния Шайжанова марапатталды. Сондай-ақ, Екібастұз қалалық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Әсият Оспановаға алғыс хат тапсырылды.
«Екібастұз қаласы алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС жүргізушісі Нұрлан Ахажановқа, білім саласының ардагері Фания Решетниковаға, ішкі істер органдарының ардагері Асқар Сыздықовқа және №26 гимназия-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтылы Төрегелдіноваға берілді.
Қала әкімінің құрмет грамоталары «Горэлектросеть» ЖШС бухгалтері Юлия Александроваға, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ слесарі Мұратжан Бермұқановқа, «Қайнар» ББК басшысының орынбасары Гүлбану Қалиеваға, «Энергоуправление» ЖШС қызметкері Елена Крючковаға, Бәйет ауылының ФАП фельдшері Бибігүл Мұқашеваға, «Шығыс» кеніші автокөлік учаскесінің машинисі Жұмабай Өрекеновке, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС экскаватор машинисі Ақылбек Сәкеновке және Шідерті кентіндегі полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Қуаныш Шиянбинге табыс етілді.
Сонымен қатар, алғыс хаттармен «Электросервис» ЖШС электрслесарі Николай Абросимов, «Проммашкомплект» ЖШС экспедиторы Бауыржан Акетов, Екібастұз ауылдық округі әкімінің көмекшісі Сайран Арынова, Екібастұз қалалық сотының судьясы Динара Менжанова, «Ангренсор Энерго» ЖШС тау-кен шебері Амангелді Норпеисов, «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС қызметкері Баян Сәрсенбинова және Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің топ бастығы Есболат Тұрабай марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш барысында «Нәзік» үлгілі хореографиялық ансамблі, «Рух» этномикс ансамблі, сондай-ақ, Дәулет Әйтенов, Лейла Сейсенбаева және эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева мен Ибрагим Ескендір өнер көрсетті.
Ділназ Серікбай








