Республика күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
«Мұндай мәртебеге ие болу – мен үшін құрмет және үлкен жауапкершілік. Бұл жеке адамның жетістігі емес, күнделікті жұмыста адал қызмет етіп жүрген барша әріптестерімнің еңбектерінің жемісі деп білемін. Еңбегімізге жоғары баға бер-ген Мемлекет басшысына, облыс әкімі Асайын Байхановқа мың алғыс. Екібастұзымыздың даму бағытында атқарып жатқан істеріміз оң болсын. Алар асулармыз көп, бағындырар белестеріміз биік болсын» деп жазды Аян Уахитұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл награда қала әкімінің тынымсыз еңбегіне берілген лайықты марапат деп білеміз. Құтты болсын, Аян Уахитұлы!
Ж.ҚАДЫРОВА
		






