Таяуда Павлодар қаласында дәстүрлі «Жыл мұғалімі» байқауы қорытындыланып, аталған байқауда №25 қазақ қыздар гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Әсия Машрапова қаламыздың намысын қорғады.
Әсия Еркінқызы бірінші кезеңде пәндік олимпиадалық тапсырмаларды сәтті орындап, кәсіби біліктілігін көрсетті. Екінші кезеңде бейтаныс сыныпта заманауи әдістемелерді қолдана отырып сабақ өткізді. Ал үшінші кезеңде портфолиосын қорғап, көпшілікке өз тәжірибесі мен жетістіктерін таныстырды.
Осылайша, Әсия Еркінқызы өзінің еңбегі мен кәсіби шеберлігін дәлелдеп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Ж.АЙТЫШ
