Газетіміздің өткен санында қалалық Махамбет оқуларының жеңімпаздарын жариялаған болатынбыз. Облыстық кезеңге Екібастұз қаласының намысын қорғауға аттанған дарынды оқушылар құр қол қайтпады.
Байқаудың «Тартынбай сөйлер асылмын…» бағыты бойынша №11 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Әлихан Қасымхан (жетекшісі – Х.Б. Сүлейменова), «Ұлы арман» бағыты бойынша №26 гимназия-мектебінің 9-сынып оқушысы Жанел Жұмағұл ІІ орын (жетекшісі – Н. Қ.Әліппи), «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша Бәйет ЖОББМ 8-сынып оқушысы Нұрсәуле Еркінбайқызы (жетекшісі – Қ.Хампи Қ.) ІІ орынға ие болды.
«Ел құтқарар ер едім…» бағыты бойынша №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Кәусар Қанат (жетекшісі – М.Д. Көбешова) ІІІ орынға қол жеткізді.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» номинациясында №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Диляра Дюсембаева (жетекшісі – М.Д.Көбешова) құрмет грамотасымен марапатталды.
Ж.АЙТЫШ