Телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында кең ауқымды қызметтер ұсынушы Қазақстандағы заманауи цифрлық телекоммуникациялық JusanMobile АҚ компаниясы таяуда Ақкөл ауылдық округінің Жақсат ауылында Интернет Wi-Fi OneWeb орнатып, іске қосты.
Президент тапсырмасын орындау мақсатында құрылған Интернет Wi-Fi OneWeb — бұл шалғай және инфрақұрылымы әлсіз аймақтарда спутник арқылы интернет тарату жүйесін іске қосушы. Игі іс Павлодар облысы аумағында қолға алынған бірегей ұлттық пилоттық жоба аясында жүзеге асырылғанын айта кету ләзім. Енді, міне, осы пилоттық жобаның арқасында Жақсат ауылы тұрғындары интернетті болып отыр. Құрылғы бұрынғы мектеп қасына орнатылыпты. Ауыл адамдары бұдан былай Ақкөл ауылына бармай-ақ, осында цифрлық платформадағы қызмет түрлерін пайдалана алады.
Ж.Бұланбай