«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ тарапынан мүгедектігі бар адамдар мен балаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде санаторлық-курорттық емдеу қызметі де бар. Бұл қызмет «электронды үкіметтің» веб-порталында ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы берілген өтінімге сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Зейнеп Жақсыбаеваның айтуынша, бөлім маманы өтініштерді келіп түсу тәртібіне қарай «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі кезегінің электронды журналына тіркейді.
Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторлық-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес жұмыс берушінің есебінен беріледі.
Санаторлық-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір-ақ рет: он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге ұсынылады.
Мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдерінің бірі Кодекстің 168-бабының 4-тармағына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторлық-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдарға өтетуге құқылы. Жол шығындарын мүгедектігі бар адамның өзі, ал сүйемелдеп жүрушінің жол шығындарын сүйемелдеп жүруші өз қаражатынан төлейді. Егер ілесіп жүретін адам болса, мүгедектігі бар баланың (мүгедектігі бар балалардың) санаторлық-курорттық ұйымға кіруі мен шығуын алып жүрушінің өзі ғана жүзеге асырады.
«Е-Собес» ААЖ-да тіркелгеннен кейін санаторлық-курорттық ем алатын мүгедектігі бар адамның АОЖБ деректері кезектілік тәртібімен «Е-Собес» ААЖ-дан порталға беріледі. Мобильді азаматтар базасына өтініш берушінің абоненттік нөмірі туралы мәліметтер енгізілген болса, оның нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан порталда авторизациялау және өнім берушіні таңдау қажеттілігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Порталда өнім берушіні таңдауды өтініш беруші АОЖБ іс-шараларының порталға жіберілгені туралы хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады. Интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаса, мемлекеттік корпорацияның, халықты жұмыспен қамту орталығының, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінген жөн.
АОЖБ деректерін порталға берген күннен бастап екі ай өткен соң өтініш берушіде порталда өнім берушіні таңдау мүмкіндігі бұғатталады және өтініш берушінің абоненттік нөміріне себебін көрсете отырып, өнім берушіні таңдау мүмкіндігін бұғаттау туралы смс-хабарлама жіберіледі. Порталда өнім берушіні таңдауды жаңарту үшін өтініш беруші порталдағы жеке кабинетте «өнім берушіні таңдауды жандандыру» батырмасын басады. Өнім берушіні таңдауды жандандыру туралы мәліметтер порталдан «Е-Собес» ААЖ-ға автоматты түрде беріледі, одан кейін өтініш беруші «Е-Собес» ААЖ-дағы кезектілікті ескере отырып өнім берушіні порталда таңдайды.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу қағидаларында белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған өнім берушіге кепілді соманы өтеу жөніндегі өтінішке санаторлық-курорттық емдеуді жүргізу үшін тапсырыс ресімдейді және жеткізушіге жібереді.
Өнім беруші тапсырыс түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде порталда қарайды және «пайдаланушының жеке кабинетіне» өнім берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған төсек-орынның бар екенін растау туралы хабарламаны немесе бас тарту себебін көрсете отырып санаторлық-курорттық емделуді ұсынудан бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
Өнім беруші порталда мынадай деректерді енгізеді:
мүгедектігі бар адамның санаторлық-курорттық ұйымға келу күні мен уақыты және оның кетуі туралы;
мүгедектігі бар адамның тапсырыста көрсетілген мерзімдерде санаторлық-курорттық ұйымға келмеуі туралы;
мүгедектігі бар адам санаторлық-курорттық ұйымға келгеннен кейін міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол автоматты түрде «Е-Собес» ААЖ-ға беріледі.
«Е-Собес» ААЖ-да АОЖБ әлеуметтік оңалту іс-шарасының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.
Ж.АЙТЫШ