20-21 қыркүйек күндері Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің базасында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Абай облысының білім басқармасына қарасты ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету, елдегі өзекті мәселелерді талдау мен ашық талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Сөз додасына облыстық және қалалық (Астана, Алматы, Шымкент қ.) турнирлердің 2024-2025 оқу жылындағы жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 180 оқушысы – 60 команда қатысып, білім мен шешендік өнерлерін сынға салды.
Турнир нәтижесінде екібастұздық «EMPL» фракциясы (Наргиз Шалбаева, Гүлзат Амангелдиева, Әмина Әбдікәрім) IV орынды иеленді.
Турнирдің «Үздік оратор» номинациясын шешендігімен дараланған Әмина Әбдікәрім (№18 ЖОББМ) жеңіп алды.
Ж.АЙТЫШ
		






