Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 18 қыркүйек күні 8-11-сынып оқушылары арасында республикалық Махамбет оқуларының қалалық кезеңі өтті.
Қатысушылар бес бағыт бойынша сынға түсті:
«Ел құтқарар ер едім…» – ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу;
«Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындар сайысы;
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарын қорғау;
«Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау;
«Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу.
Нәтижесінде Бәйет ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Нұрсәуле Еркінбайқызы (күй орындау), №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Кәусар Қанат (Махамбет шығармаларын мәнерлеп оқу), 11-сынып оқушысы Диляра Дюсембаева («Ұлы дала батыры – Тайманның ұлы Исатай» тақырыбын қорғау), №26 гимназия-мектебінің 9-сынып оқушысы Жанел Жұмағұл (иллюстрациялық сурет салу), №11 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Әлихан Қасымханов (өз туындыларын мәнерлеп оқу)
І орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Ж.АЙТЫШ
		





