«AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалында партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау кезінде «аманаттықтар» өтініш берушілердің мәселелерімен танысып, көмек көрсетті.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында өтетін дәстүрлі республикалық «Баланы мектепке дайындайық» акциясына Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары: Серік Сәдуақасов, Орынбасар Алеев, Исламбек Құлтұманов және Екібастұз қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері: Мәриям Мәлікова, Татьяна Шмидт, Әмир Такишев, Қанат Тұрлыбеков, Арман Амургалинов, Манат Алғамбаров, Владимир Егер, Далида Сиваракша белсене қатысты.
Көмек көрсету депутаттардың сайлау округтері мен мұқтаж отбасылардың өтініштеріне сәйкес ұйымдастырылды. Барлық тізімдер білім бөлімі және мектептердің әлеуметтік педагогтарымен бірлесіп жасалды. Депутаттар Жалпы білім қоры мен басқа да ресми көздерден көмек алмаған отбасыларды қамтуға тырысты.
Кеңсе тауарлары, киім-кешек және аяқ киімге қатысты нақты тізімдерді мектептердің әлеуметтік педагогтары ұсынды. Жалпы көмек №№2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 25, 33 мектептердің, №6 арнайы мектептің, сондай-ақ, Солнечный және Шідерті кенттерінің оқушыларына көрсетілді.
Сонымен қатар, депутат Серік Сәдуақасов «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС-нің 32 мұқтаж отбасына қаржылай көмек көрсетті. Депутат Исламбек Құлтұманов тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтағы балаларды кеңсе тауарлары және киіммен қамтамасыз етті.
Акциядан бастауыш партия ұйымдары да шет қалмады. Атап айтқанда, «Богатырь Көмір» БПҰ, «ГРЭС-1» БПҰ, «Линейный» БПҰ қолдау көрсетті.
Жалпы алғанда, бұл игі шара аясында 211 балаға шамамен 3 000 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Ж.БАЙМЫРЗА