Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.
Әр адамның өмірі отбасынан басталады. Отбасында қоғамның толыққанды мүшелері тәрбиеленіп, болашақ азаматтың тұлғасы қалыптасады, адамгершіліктің негізі қаланады.
27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында облысымыздың аумағында әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өтуде.
2025 жылдың 7 айында облыс бойынша құқық қорғау органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты 3500-ден астам өтініш түсіп, 2768 адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 3052 құқық бұзушы профилактикалық есепке қойылып, қорғау ұйғарымы шығарылды, 300-ден астам адам профилактикалық әңгімемен шектелді, 64 қылмыстық іс қозғалды.
Егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, үндемей қалмаңыз. Әрекет етіңіз! Көмек сұраңыз! Полицияның кезекші бөліміне – 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Сенім телефондары: 150,111.
Ж.ӘБДІКӘРІМ