1-31 тамыз аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңі өтуде. Ауыл шаруашылығы санағының 20 күнінде 5 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері санақтан өтті. Онлайн кезеңінің аяқталуына 10 күн қалды.
Sanaq.gov.kz сайтында санақтан өтіп үлгеріңіз.
Барлық деректер тек статистикалық мақсатта қолданылады. Олар үшінші тұлғаларға берілмейді және заң бойынша құпия сақталады.
Егер компьютер қолжетімсіз болса, ауылдық әкімдіктегі өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына немесе аудандық статистика басқармаларына баруға болады.
Павлодар қаласында санақтан өту үшін Статистика департаментіне, Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайына, демалыссыз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін хабарласыңыз.
Жұмыс күндері 55-84-07, ұялы 87779383208 нөміріне қоңырау шалыңыз, демалыс күндері 51-09-46 (вахта).
Сұрақтар туындаса (өздігінен қызмет алу аймақтарының мекенжайларын қоса алғанда), тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығына қоңырау шала аласыз.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы