2025 жылғы 14 тамызда Шідерті поселкесінің әкімі А.М. Насиков Екібастұз жол қашықтығының бастығы Н.К.Әубәкіров, желілік полиция бөлімінің бастығы Д.Б.Қойшин, техникалық бөлімнің жетекші инженері А.Т.Исамадиева, ПД-1 жол шебері М.Хиса, Шідерті поселкесі әкімі аппаратының мамандары К.Х.Ақажанова және Д.Нығметпен бірлесіп аулаларды аралап, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне темір жол төсемінің бойында малды күтіп-бағу және жаю қағидаларын, сондай-ақ, темір жолдар арқылы қауіпсіз жүріп-тұру жайын түсіндірді. Түсіндіру шаралары Pch30ekb және akimat_shiderty Instagram парақшаларында да үнемі жүргізіледі.
Шідерті әкімдігі, lop_ekibastuz