«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Екібастұз МАЭС-2 станциясының кәсіподақ комитеті «Білім жолындағы бүлдіршінге сыйлық» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
Аталған бастама аясында кәсіподақ мүшелерінің шамамен 60 баласы – бірінші сыныпқа баратын оқушылар қажетті кеңсе тауарларымен қамтылды.
— Әрбір жинаққа мектеп оқушысына ең қажетті құралдар енгізілді: бояулар, түрлі-түсті қарындаштар, пластилин, оқулықтарға арналған мұқабалар, кітап тұғырлары, қаламсауыт және тағы басқа 23 түрлі зат бар, — деді кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Галеева. — Сонымен қатар, әр жинаққа бүлдіршіндерге арналған жылы лебіздер жазылған ашықхаттар салынды.
Бұл жоба балалардың қуанышын еселеп, жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға қолдау болды деп сенеміз.
Марал Ерғазина, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ кәсіподақ комитетінің маманы
