Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады. Биыл 2200 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.
– Бірінші сыныпқа 6 жастағы және биыл алтыға толатын балалар еш дайындықсыз да қабылданады. Мектепке қабылдау үшін ата-ананың өтініші, баланың 3х4 фотосуреті (2 дана), 052-2/у анықтама (бала денсаулығы паспорты) тапсырылады. Денсаулық паспорты бекітілген емханада тегін беріледі, – деді Лаура Дисюпова.
Мектепке egov.kz веб-портал арқылы онлайн тіркелуге де болады. 25 тамыздан кейін ата-анаға баласының бірінші сыныпқа алынғаны туралы хабарлама келеді.
Білім бөлімінің басшысы білім мекемелері артық құжат сұрамайтынын айтты. Егер басқа да құжат түрлерін талап етсе, білім бөліміне шағымдануға болады.
Маңызды
- «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы
- Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады
- МӘДЕНИ ШАРАМЕН ШЕКТЕЛМЕУГЕ ТИІС
- «АПАМНЫҢ ШАЙЫ»
- ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ШАЙДЫ САТУДА
- ШАТТЫҚ БӨЛМЕСІ «ШАРШАП» ТҰР
- ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ТУЫНДЫЛАР
- ҚАЙЫМНЫҢ ҚАЛАМЫ, ЕСТАЙДЫҢ ӘУЕНІ






