7-14 шілде аралығында Ақтау қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Чемпионатқа екібастұздық тоғызқұмалақшылар да қатысты.
– Бұл жарыс әлем чемпионатына іріктеу болды. Жарыс тоғызқұмалақтың классикалық және рапид түрлерінен өтті. Екібастұздық 6 спортшы да жақсы ойын көрсетті, – деді ойыншыларды турнирге алып барған бас бапкер Ардақ Қанапашев.
Турнир қорытындысында классикалық тоғызқұмалақта Бауыржан Сырымбетов – 3-орын, Динара Диярова 2-орын алды. Ойынның рапид түрінен Қайрат Кабыржанов пен Динара Диярова, Гүлмира Байтемирова – 3-орынға шықса, Надежда Марченко 2-орынды еншіледі.
Алдағы уақытта ойыншыларды Моңғолия сапары күтіп тұр.
Кенже ҚУАТ