12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Осыған орай тамыз айының бірінен қаламызда жастарға арналған шаралар легі басталмақ.
Аталған датаға орай 1 тамыз күні «ECO CROSS» науқаны өтеді. Белгіленген қашықтыққа жүгіруге кез-келген екібастұздық қатыса алады. Дәл осы күні жастар «Таза Қазақстан» экологиялық тазалық шараларына қатысады.
2 тамызда өтетін «ТАРТЫЛ FEST» спорттық сайысына қаланың воркаутшылары шақырылады.
Жастар күніне арналған шаралар ауыл жастарын да қамтиды. 5 тамызда қалалық саябақта «VILLAGE TEAM» ауыл жастарының форумы өткізілмек. «Жақсылық жасап жарысайық» акциясы да осы күні жүреді.
7 тамызда жастар «StandUp» шығармашылық кешіне, ал 8-10 тамыз күндері «CHEF» жас аспаздар сайысы, «RESPECT CUP» мото-турнирі, «Қисыны қалай?» даяшылар арасындағы логикалық сайыстарға қатыса алады.
11 тамызда ауыл және кент жастары үшін 11 түрлі іс-шара ұйымдастырылады. Сол күні «Самғау» шығармашылық орталығында Сұлтанмахмұт Торайығыров атындағы жастар медаліне үміткерлерді іріктеу өткізіледі.
12 тамыз күні «Қазақстан» орталық алаңында «CRMI FEST» жастар фестивалі болады.
Бұл күндері, сондай-ақ, «Skills Jastar» мамандықтар көрмесі, «VIBE CONNECTION» қала жастарымен кездесу, «KINOMAN», «EKB MUSIC» шаралары да жалғасын табады. Әлеуметтік желіден екібастұздықтар «Абай» бейнеролигін тамашалай алады.
Кенже ҚУАТ