Жыл сайын «Қазақстан халқына» қорының «Жаздық жолдама» жобасы аясында балалар үшін көңілді де мазмұнды демалыс ұйымдастырылады. Әдеттегідей биыл да қамқорлық шаралары шеңберінде жүзге тарта балаға жолдама ұсынылды.
Екібастұз қаласының 35 оқушысына «Парус» лагеріне, ал ауылдық округтердің 60 оқушысына «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілді.
Лагерьде оқушылардың денсаулығын нығайтуға және толыққанды демалуға барлық жағдай жасалады. Оларды таңғы жаттығулар мен көңілді би кештері ғана емес, таланттар кеші, шеберлік сабақтары сынды қызықты да естен кетпес күндер күтеді. «Жаздық жолдама» жобасы аясында демалып келген Сәбира Оспанова: «Маған квесттер мен кешкі алау ұнады», – десе, Санжар Қасым сахнада өнер көрсетіп, көпшілік алдындағы қобалжуын басқанын айтып шаттанды. Диана Меңдіғалиева лагерьдегі шеберлік сабақтары мен таланттар кешінен ерекше әсер алыпты. «Бұл мен үшін өте керемет жаз болды», – дейді ол.
7 шілде күні балалардың тағы бір тобы көңілді демалысқа аттанды.
Кенже ҚУАТ
Маңызды
- «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы
- Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады
- МӘДЕНИ ШАРАМЕН ШЕКТЕЛМЕУГЕ ТИІС
- «АПАМНЫҢ ШАЙЫ»
- ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ШАЙДЫ САТУДА
- ШАТТЫҚ БӨЛМЕСІ «ШАРШАП» ТҰР
- ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ТУЫНДЫЛАР
- ҚАЙЫМНЫҢ ҚАЛАМЫ, ЕСТАЙДЫҢ ӘУЕНІ






