Апта басында Екібастұз аулаларының бірінде болған оқиға әлеуметтік желі арқылы жылдам тарады. Ойын балаларының арасында туындаған түсінбестікке ересек әйел адам араласқан соң, іс насырға шапқан сыңайлы…
Желіде таралған видеода ойын алаңында әйелдің басқа балаға дөрекілік танытып, оған айғалап, ұрсып жатқан сәті түсірілген. Әйел балаға қол көтеріп, денесін жұлқылап, басынан ұрып жатқаны айқын көрінеді. Бала қорыққаннан жылап тұрған дауысы естіледі.
Видеоны көргендер түрлі пікірлер қалдырыпты. Бірі әйелдің сабырсыздығына налыса, енді бірі «таяқ жеген» баланың өзіне кінә артқан. Не де болса, сол кеште осы оқиға бойынша қалалық полиция басқармасы іс қозғап, тексерулерді бастаған.
– Полиция әйелдің кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді Екібастұз қаласының полиция басқармасы өкілі. Білуімізше, өз кезегінде балаға сес көрсеткен әйел де баласын қалалық аурухананың жарақат бөліміне апарып тексерткен.
А.Құрмет
Маңызды
- «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы
- Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады
- МӘДЕНИ ШАРАМЕН ШЕКТЕЛМЕУГЕ ТИІС
- «АПАМНЫҢ ШАЙЫ»
- ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ШАЙДЫ САТУДА
- ШАТТЫҚ БӨЛМЕСІ «ШАРШАП» ТҰР
- ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ТУЫНДЫЛАР
- ҚАЙЫМНЫҢ ҚАЛАМЫ, ЕСТАЙДЫҢ ӘУЕНІ






