Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы – 2025» республикалық байқауы 18 маусым күні Астана қаласында өз мәресіне жетті. Бұл – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіруге арналған заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау мен таратуды мақсат еткен білім алаңы.
Байқау бірнеше кезеңді қамтыды. Қалалық кезеңде Екібастұз қаласының 14 балабақшасы арасынан озып шыққан №28 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Жәмила Копишева облыстық деңгейде қала намысын абыроймен қорғап, бас жүлде иеленген болатын.
Жәмила Мейрамбекқызы Астана төрінде өткен білім сайысында да өз кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін, бала жанын түсіне білетін ерекше қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде еліміздің әр өңірінен келген тәжірибелі педагогтар арасынан жүлделі II орынға ие болды.
Атап өтерлік жайт, бұл жеңіс – жеке жетістік қана емес, бүкіл ұжымның, әсіресе, №28 сәбилер бақшасының басшысы, іскер ұйымдастырушы әрі жаңашыл басшы Әлия Сейфуллинаның тынымсыз еңбегінің, педагогикалық ұжымды даму жолына жетелей білуінің де жемісі. Басшы мен педагог арасындағы сенім мен ынтымақтастық осындай үлкен жеңістерге бастар жол екендігінің айқын дәлелі.
Ж.ӘБДІКӘРІМ
Маңызды
- АСТАНАДА ТОП ЖАРҒАН ТӘРБИЕШІ
- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
- «КӨП ЖАСАУДЫҢ СЫРЫ – ОЙ ТАЗАЛЫҒЫНДА…»
- Субсидия жұмысты жеңілдетеді
- Іскер азаматтарға арналған
- Ауылдықтар үміт артқан бағдарлама
- «Ауыл аманаты» – шаруалар игілігіне
- МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНЕДІ