
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалғаны баршаға мәлім. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты.
Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюдағы жүйелі тәсілді қалыптастыру үшін әкімдік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал ететін жобалық бағыттарды айқындады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді жүзеге асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі тиімді шараларының бірі ретінде қаламыздың мемлекеттік мекеме басшыларының өз қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық шектеулерін сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өткен жөн.
Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты нығайту, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне елеулі көңіл бөлінеді. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында ауқымды акциялар мен тренингтер өткізілуде, олардың ішінде жақын арада өткізілгені – «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы іс-шара. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін тұрақты негізде бүктемелер тарату ұйымдастырылуда. Шілде айында осы тақырыпта үздік сурет пен бейнематериалды анықтауға арналған конкурс өткізу жоспарланып отыр.
Жалпы, соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көп көңіл бөлінуде. Мұның жарқын көрінісі заман талабына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама болып табылады, ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл қаламыздың әрбір тұрғынының, еліміздің әрбір азаматының борышы. Барлығымыз бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолында үлкен қадам жасай аламыз.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі