Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған тетіктердің бірі – «Іскер» несиелеу бағдарламасы. Ол ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ет, сүт өнімдерін, жемістер мен көкөністерді өндіру қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қолға алынған бағдарламаға кәсіпкерлер, жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ең басты талап – кепіл мүлік. Оған қоса кепілгер де талап етіледі. Ескерте кететін жай, несие алушының да, кепілгердің де несие тарихы тексеріледі.






