Аграрлық несие корпорациясы өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді қолға алған кәсіпкерлер үшін жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беруді жүзеге асырады. Былтырдан бері жалғасын тауып келе жатқан «Кең дала-2» – фермерлердің айналым қаражатын толықтыру үшін аса тиімді бағдарлама.
Бағдарламаға осы салада 3 жылдан кем емес тәжірибесі бар жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, АҚ немесе ЖШС қатыса алады. Олардың бизнес жобаны жүзеге асыратын егістік алқабы болуы шарт. Осыған қоса, соңғы 24 айда мерзімі өткен, өтелмеген берешегі болмауы тиіс.
Проблемалық қарыз алушылар, сенімсіз серіктес ретінде танылған жеке және заңды тұлғалар бағдарламаға қатыса алмайды.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сәйкес, аталған бағдарлама игілігін 9 кәсіпорын көріп отыр. Соның ішінде «Kabiden Agro», «Промтехкомбинат» ЖШС-тері тек картоп өсіруді кәсіп қылмақ. 1250 гектар жер егістік алаңы бар «Корн Агро» ЖШС картопқа қоса сәбіз салатын болып отыр. Жеңілдетілген несиені, сондай-ақ, «ЭМПК», «КХ Көктөбе» ЖШС-тері, «Алтын@», «Тілек», «Арғын», «Саржайлау» ЖК-лері де алды.
– Кәсіпкерлер тұқымдарды Қарағандыдан, Ресейден, Белорусь елінен сатып алуда. Олар көкөністерге қоса сұлы, арпа, жүгері дақылдарын өсіреді, – деді Азамат Жұмажанұлы.
Маңызды
- АСТАНАДА ТОП ЖАРҒАН ТӘРБИЕШІ
- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
- «КӨП ЖАСАУДЫҢ СЫРЫ – ОЙ ТАЗАЛЫҒЫНДА…»
- Субсидия жұмысты жеңілдетеді
- Іскер азаматтарға арналған
- Ауылдықтар үміт артқан бағдарлама
- «Ауыл аманаты» – шаруалар игілігіне
- МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНЕДІ