«Ауыл аманаты» жобасы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» №1 Жарлығы негізінде бастау алған болатын. Бірнеше жылда бағдарлама аясында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, ауыл азаматтарының жаңа жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты қадамдар жасалды.
Осы уақытқа дейін ел көлемінде 14,5 мың микронесие берілсе, олардың 11,9 мыңы мал шаруашылығын дамытуға, 600-ге жуығы өсімдік шаруашылығын дамытуға, 400-ден астамы техника мен жабдықтар сатып алуға, 1,6 мыңы басқа да қызметтерге микронесие алуға бағытталған.
«Ауыл аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары: өңдеу саласына қатысты жобалар, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығын дамыту, басқа бағыттағы бизнес жобалар.
Несие шарттарына келсек, шағын несие 5 жылға беріледі, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бағытындағы жобалар үшін несие 7 жыл мерзімге ресімделеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Тағы бір жеңілдік – кәсіпкерге бір жыл несие каникулы беріледі, яғни, ол несиені 12 айдан соң ғана қайтара бастайды.
Несие алушыға қойылатын талаптар: өтінім беруші кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс, мемлекеттік кірістер органы алдында берешегі болмауы керек. Бұған дейінгі несиелерін төлей алмай жүргендер бағдарламаға қатыса алмайды. Несие алушы зейнет жасына жетпеген болуы керек және кепілге қоятын мүлкі болуы қажет. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора жайы болуы талап етіледі.
Павлодар облысында былтыр аталған бағдарламаға 2,6 млрд. теңге қаражат бөлінген екен. Қазіргі таңда оның 2 млрд. теңгеден астамы игерілген. Екібастұз өңірінен «Ауыл аманаты» бағдарламасына 30 жоба (449,113 млн. теңге) қатысып отыр. Жалпы 21 жоба мақұлданып, 3-уі кері қайтарылған. 21 жоба иесіне 267,5 млн. теңге қаржы аударылды.
Жобалар мал шаруашылығын дамытуға ғана емес, сондай-ақ, мал соятын алаңдар, жылыжай, наубайхана, көлік жөндеу қызметін ашуға да бағытталып отыр. Айталық, «Sun Siti-2024» ӘКК наубайхана және балаларға арналған ойын орталығын ашуды жоспарлаған. Шідертілік кәсіпкер де наубайхана жабдықтарын алып, кәсібін кеңейтпек. «Хасан» ЖК көлік жөндеу қызметін қолға алған. Бұдан басқа өсімдік шаруашылығын өрістетуді, қоғамдық монша салуды, дүкендер ашуды көздеген кәсіпкерлер де бар.
Маңызды
- АСТАНАДА ТОП ЖАРҒАН ТӘРБИЕШІ
- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
- «КӨП ЖАСАУДЫҢ СЫРЫ – ОЙ ТАЗАЛЫҒЫНДА…»
- Субсидия жұмысты жеңілдетеді
- Іскер азаматтарға арналған
- Ауылдықтар үміт артқан бағдарлама
- «Ауыл аманаты» – шаруалар игілігіне
- МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНЕДІ