Елімізде ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Астықтың былтырғы рекордтық өнімі ауыл шаруашылығына демеу көрсетудің тиімді екенін тағы бір дәлелдеді. Соңғы алты жыл ішінде агроөнеркәсіпті субсидиялауға қомақты қаржы бөлінуі арқасында жалпы өнім 1,8 есеге ұлғайды. Азық-түлік өндірісінің көлемі екі есеге артты. Бұдан басқа, мал басын арттыруға бағытталған бағдарламалар да нәтижелілігін көрсетті. Мұның бәрі өз кезегінде ауылдық жерлерде шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін молайту, азаматтардың табысын жақсартып, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою үшін жасалып отыр.
– Біздің өңірде де шаруаларды қолдау бағытында келелі істер тындырылуда. Ауыл азаматтарының өз ісін бастауына, бизнестің қанат жаюына айтарлықтай жағдай жасалып жатыр, – деген қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Көпежанов мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті.
Бөлім басшысының айтуынша, субсидиялау, жеңілдетілген несие алу процестері толықтай цифрландырылған. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға қатысудың ашықтығын қамтамасыз етіп, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің, жемқорлықтың алдын алады.
Маңызды
- «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы
- Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады
- МӘДЕНИ ШАРАМЕН ШЕКТЕЛМЕУГЕ ТИІС
- «АПАМНЫҢ ШАЙЫ»
- ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ШАЙДЫ САТУДА
- ШАТТЫҚ БӨЛМЕСІ «ШАРШАП» ТҰР
- ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ТУЫНДЫЛАР
- ҚАЙЫМНЫҢ ҚАЛАМЫ, ЕСТАЙДЫҢ ӘУЕНІ







