Шідерті кентінің әкімі Алмас Марленұлы Насиков Шідерті кентінде тұратын тыл еңбеккерлерін, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларды, Ауған соғысына қатысушыларды және Таулы Карабах оқиғасына қатысқан ардагерлерді 9 мамыр мерекесімен құттықтады.
Тыл еңбеккерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 80 жылдық төсбелгісін тағып, «Құрылыс материалдары зауыты» ЖШС-нің қолдауымен берілген азық-түлік себетін табыстады. Бейресми кездесуде аға буынның өскелең ұрпақ үшін еткен еңбегі үшін алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.
Шідерті кентінің әкімі аппараты


