Құрметті Павлодар облысының тұрғындары және қонақтары!
2025 жылғы 15 мамырдан «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталады.
Байқауды өткізу мақсаттары қазақстандық отбасылардың оң тәжірибесін дамыту, қалыптастыру және тарату; жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жағдай туғызу; салауатты, қазіргі заманғы отбасы рөлі мен маңыздылығын, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын күшейту; отбасының оң имиджін насихаттау болып табылады.
Конкурсты өткізу барысы үш кезеңнен тұрады:
І кезең. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап 2025 жылғы 27 маусымға дейінгі мерзімде алынған ақпаратты жан-жақты тексереді, іріктеу жүргізеді және екі отбасын айқындайды, содан кейін 2025 жылғы 30 маусымға дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссияларға жібереді.
ІІ кезең. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссия 2025 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап ұсынылған құжаттарды қосымша тексереді, іріктеу жүргізеді және бір жеңімпаз отбасын айқындайды, содан кейін 2025 жылғы 17 шілдеге дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен ұйымдастыру комитетіне жібереді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезеңдердің марапаттау рәсімдері салтанатты түрде 2025 жылғы 15 тамызға дейін өткізіледі.
ІІІ кезең. Республикалық ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап 2025 жылғы 31 шілдеге дейін жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін ұйымдастыру комитетіне материалдар жібереді.
Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі 2025 жылғы 12 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында диплом және айрықша белгі (мүсінше) табыс етіле отырып салтанатты жағдайда өтеді.
Конкурсқа ұсыным беру, қатысу жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдеріне немесе ақпарат және қоғамдық даму басқармасына 322099, 324077, 87474266239 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Ұйымдастыру комитеті