Әрбір адамның азаптаудан және қатігез қарым-қатынастан қорғану құқығы «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» және Қазақстан қосылған бірқатар халықаралық құжаттарда, соның ішінде «Азаптауға қарсы конвенцияда», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде» және «азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамада» бекітілген ажырамас және абсолютті қағида болып табылады.
Конвенцияға сәйкес, «азаптау» анықтамасы қандай да бір адамға қасақана азап шектіретін физикалық немесе моральдық кез келген әрекетті білдіреді. Қазақстан Республикасы азаптауға мүлдем төзбейді және оған конституциялық деңгейде тыйым салады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында азаптауды қолдануға тыйым салу көзделеді, оған сәйкес ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге, басқа да қатігез түрде немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтын жағдайда ем жүргізуде немесе жазалауға жол берілмейді. Бұл орайда негізгі қадамдардың бірі заңнаманы күшейту болды. Қылмыстық кодекс осындай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейте отырып, «азаптау» және «қатыгездік» ұғымдарын нақты бөліп, жетілдірді.
Тергеудің объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін азаптау істері енді тек прокуратураның тергеуінде болады, бұл әділеттіліктің бейтараптығы мен әділдігіне кепілдік береді. Сотқа дейінгі тергеу жүйесіндегі жаңа стандарттар, мысалы, жауап алулар мен сот отырыстарының міндетті бейнежазбалары ашықтық деңгейін едәуір арттырды және ықтимал теріс қылықтардың алдын алуға көмектеседі. Бұдан басқа, қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) мекемелерінде және «соқыр аймақтарды» алып тастайтын полиция органдарында «үздіксіз бейнебақылау» жүйесін енгізу азаматтардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудың маңызды құралына айналды.
Тұтқындарды медициналық қамтамасыз ету саласында да елеулі өзгерістер болды.
2023 жылы пенитенциарлық мекемелердің медициналық қызметі денсаулық сақтау министрлігіне берілді, бұл медицина қызметкерлерінің тәуелсіздігін және медициналық көмектің жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Енді сотталғандардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратын міндетті медициналық тексерулер мен куәландырулар күш пен арнайы құралдарды қолдана отыра жүргізілуде.
Қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау шеңберінде 2014 жылдан бастап біздің елімізде азаптауларға және басқа да қатігез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған азаптауларға қарсы күрестің ұлттық алдын алу тетігі жұмыс істейді.
Ұлттық алдын алу тетігінің мақсаты Қазақстан азаматтарын соттар мен құзыретті мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде азаматтар уақытша орналастырылатын мекемелер мен ұйымдарға тәуелсіз алдын ала сараптамалық баруды жүзеге асыруға тарту болып табылады.
Ұлттық алдын алу тетігі қолданысқа түскен жылдар ішінде оған қатысушылар құқық қорғау органдарының, пенитенциарлық ме-кемелер әкімшілігінің жұмысынан бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстау, азаптау, қатыгездікпен қарау және жазалау жағдайларына байланысты бірқатар елеулі бұзушылықтарды анықтауға қол жеткізді, бұл құқық қорғау органдары жүйесін жаңғыртуға және құқық үстемдігі саласындағы институционалдық реформаларды іске асыруға түрткі болды.
20 өңірлік топтың құрамында дәрігерлерді, құқық қорғаушыларды және әлеуметтік қызметкерлерді қоса алғанда, 105 тәуелсіз маман жұмыс істейді, олардың қызметі мемлекеттік органдардан дербес жүзеге асырылады, бұл тексерулердің объективтілігі мен бейтараптығына кепілдік береді.
2024 жылы Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін немесе жазаны өтеуге арналған 25 ұйым мен мекемеге барды, олардың 20-сына ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік тобының қатысушылары қатысты.
Әр сапардың қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті мекеме әкімшілігінің атына ұсынымдар жіберді. Ұсынымдарды талдау және оларды іске асыру жөніндегі жұмыстар ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы шоғырландырылған баяндамаларында ұсынылады.
Бүгінде Қазақстан адам құқықтарын қорғау қағидаттарына өзінің адалдығын көрсетіп, осы бағыттағы дәйекті жұмысын жалғастыруда.
И.Тарасенко, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі