Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.
Департаменттің 2025 жылдың 1-тоқсанында қабылдаған кешенді іс-шаралары нәтижесінде жалпы 96 азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу кезінде 42 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқықтары қорғалып, оларға тынығу сағаттары берілді.
Көрсетілген заң бұзу-шылықтар үшін 7 басшы ҚР ӘҚБтК 89-бабының 1-бөлігі бойынша (жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Департамент жүргізген мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығындарын өтеу мәселелеріне қатысты талдау нәтижесінде 36 мемлекеттік қызметшіге 3,7 миллион теңгеден астам мөлшерде іссапар шығындары төленді.
Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.
Р.Қ. Иманқұлов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі