Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасымен полиция басқармасы, әкімдік және Екібастұз ауылдық округі (Төртүй, Тай, Көксиыр, Қаражар, Мыңтомар, Ақши ауылдары, тұрғындардың жиынтық саны — 1011 адам) мен Ақкөл ауылдық округі (құрамына Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат ауылдары кіреді, халқының жалпы саны — 1015) кәсіпкерлері арасында алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты — мас күйінде жасалатын отбасылық-тұрмыстық сипатқа ие қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу.
Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Екібастұз өңірі бойынша кәсіпкерлермен алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы алғашқы меморандумға Қарасор, Құдайкөл, Құлакөл ауылдарын қамтитын Теміржол ауылдық округінде қол қойылған болатын. Өткен кезеңде аталған ауылдарда алкогольді сатуға байланысты құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Ж.Айтыш