15 сәуір күні қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және ТҮКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жетпісбай Жакупов, мүшелері Арман Иманқұлов, Арман Амургалинов, Әмір Такишев қала көшелерін аралады.
Депутаттар 27-шағынауданнан бастап Қ. Нұралин және Степная көшелерін қарап өтті, онда «Grappa-Stroy» ЖШС зақымдалған учаскелер құбырларын ауыстыруда. Аумақты тексеру барысында топырақтың жолға және тротуарға төгілгені анықталды: бұл жаяу жүргіншілердің қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіруде.
Сондай-ақ, тұрақты комиссия тұрғындардың өтінішімен Қ.Нұралин және Арбиев көшесі, 29, 30 мекенжайларында орналасқан жол учаскесіне ат басын бұрды. Мұнда «Горводоканал» МКК жұмысшыларының жөндеу жұмыстарынан соң өтпе жолдың бойындағы шұңқырларды бітемей кеткені анықталды. Яғни, жер жұмыстарын жүргізгеннен кейінгі жол төсемін қалпына келтіру талаптары бұзылған.
Бұдан әрі тұрақты комиссия Абай көшесіндегі тротуарларды ағымдағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді. Анықталған жайттарға қатысты Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі мен «Горводоканал» МКК-іне ескертулерді жою үшін депутаттық сауалдар жолданды.
Ж. АЙТЫШ