«Самғау» балалар шығармашылығы орталығында параолимпиадашылар арасында пауэрлифтингтен Павлодар облысы әкімінің кубогы өтті. Аталған турнир облыс әкімі А.Байхановтың және қала басшысы А.Бейсекиннің қолдауымен биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыстың алдында Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Тоқсамбаева, турнирді өткізуге бастамашы болған Гүлнар Ақмолдина сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан соң қалалық мәслихат депутаты Т.Шмидт, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Мұхамедәли Мұқанов параолимпиадашыларды дайындаған бапкерлерге алғыс білдірді.
Жарысқа қатысушылардың алдында «Жасыбай» БЖСМ акробаттары мен әнші Бауырбек Бектеміров өнер көрсетті.
Бұдан әрі спортшылар жарысып, ерік-жігерлері мен жақсы дайындықтарын көрсетті. Турнир қорытындысында параолимпиадашылар мынадай нәтижелерге қол жеткізді.
85+ кг салмақ дәрежесінде:
1-орын — Владимир Черепанов;
2-орын — Вячеслав Соколов;
3-орын — Серік Текебаев.
85 кг.салмақ дәрежесінде:
1-орын — Медет Асылханов;
2-орын — Рустам Ахажанов.
75 кг салмақ дәрежесінде:
1-орын — Егор Боленгер;
2-орын — Жеңіс Сарбасов;
3-орын — Ербол Байырбеков.
65 кг салмақ дәрежесінде:
1-орын — Руслан Булатов;
2-орын — Михаил Ткач;
3-орын — Руслан Садвокасов.
Шара соңында жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Гүлсана Медеубайтегі