1 сәуірде «Біздің полиция» фото-байқауы басталды. Оған кәсіби фотографтар мен полиция жұмысының жарқын сәттерін түсіруге ынталы барлық азаматтар қатыса алады.
Байқау шарттары:
Әр қатысушы екі фотосуретке дейін ұсына алады.
Файл форматы – JPEG, сапасы 5 МП, 300 dpi кем емес.
Әр фотосуретке қысқаша сипаттама (атауы, түсірілген орны мен уақыты) қоса берілуі тиіс.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 1 сәуір – 1 маусым.
Фотосуреттерді analitika@mail.kz поштасына жіберу қажет.
Ж. Айтыш