«Мұса мырза 1818 жылы туып, 1884 жылдың аяғында қайтыс болған екен», — деп бастады әңгімесін Жұқаш аға.
Асына Мәшекең кешіректеу келсе керек. Сонда Мәшекең құран оқып, «Ықылас» сүресін үш-ақ рет қайтарып қолын жайыпты. Аста отырғандар «аз оқыдыңыз ғой» дегенде: «Құранда 114 сүре, 6666 аят бар, соның ішіндегі абзалы – осы «Ықылас» сүресі, ал Мұса мырза адамзаттың абзалы болатын, сондықтан екі абзалды бір-біріне табыстырып отырмын, одан артық сендерге немене керек?» — деген екен.
«Баянтау» газетінің 1919 жылғы 1 маусымдағы № 38 санына жариялатқан: Абай Төлеубайұлы Шарапиев