Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары көп жасаған қарияларды мерейтойларымен құттықтап, құрмет көрсетуде. Өткен аптада мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының өкілі Жетпісбай Жакупов өз сайлау округінде тұратын тыл ардагері — Вера Кравецті 95 жасқа толуымен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Вера Ивановна 1930 жылы дүниеге келген. Харьков медицина училищесін бітіріп, фельдшер мамандығын алған. Училищеден соң жолдамамен Атбасарда (Ақмола облысы) еңбек еткен.
Вера Ивановна Екібастұзда 1958 жылдан бері тұрады. Ол Б.Авербухтің қоластында балалар емханасында жұмыс істеді. Ақ халаты абзал жан зейнетке шыққан соң да Екібастұз мектептерінде медбике болып еңбек еткен.