«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ азаматтарға коммуналдық қызметтерді өтеу кезінде қолдау көрсетудің әлеуметтік шараларының бірі ретінде «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Осы мемлекеттік қызметті:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұданәрі —ХҚКО);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталының (бұданәрі-портал) жеке кабинеті арқылы өтініштер беру жолымен алуға болады.
Тұрғын үй көмегі Екібастұз қаласының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған жалғыз тұрғын жайы бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ, отбасының жиынтық табысына 5 (бес) пайыз мөлшерін дер ұқсат етілген шығыстар шегінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосалқы жалға алушыларға) беріледі.
Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы жалпы кірістер мен коммуналдық қызметтерге шығындар бойынша ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан бір тоқсанға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегі өтініш берушілердің шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.
Тұрғын үй көмегін алу құқығын анықтау үшін белгіленген үлгідегі өтінішпен Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 92/2–үй мекенжайында орналасқан ХҚКО-на немесе порталға жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына:
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат қызметінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына:
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі не жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шоттың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62 – құрылым мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-дегі 421, 422-кабинеттерден немесе 740211, 740112, 87765487042 (WhatsAppнөмірі) телефондары арқылы алуға болады.
З. Жақсыбаева, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысы